Тыйым ЕАЭО елдерінен және үшінші елдерден келетін импортқа қатысты болады.
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын автокөлікпен әкелуге тыйым салу туралы бұйрық дайындады, деп жазады sputnik.kz.
Құжат жобасы талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.
"Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - деп жазылған мәтінде.
Шектеу 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндірмесі
2024 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәлімет бойынша республикада 56,5 млн бас құс бар (2022 жылдың сәйкес кезеңінде 50 млн бас болды немесе 13,8%-ға өсті).
2023 жылы жұмыртқа өндірісі 4,9 млрд дананы құрады (2022 жылы – 5 млрд дана немесе 2,8%-ға азайды).
Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметі бойынша 2023 жылы экспорт 175,9 миллион дананы, импорт 286,9 миллион дананы құрады.
Осылайша, өз өндірісіміздің есебінен ішкі нарықты қамтамасыз ету 98 пайызды құрап отыр.