Telegram Қазақстанда кеңсесін ашады

0
230

Цифрлық даму министрлігінің басшысы халықаралық серіктестермен киберқауіпсіздік мәселелерін талқылады.


Telegram Қазақстанда кеңсесін ашады

фото: Sputnik / Кирилл Каллиников

ERNUR.KZ. Telegram Қазақстанда кеңсесін ашады, деп жазады sputnik.kz.
"Telegram-ның өкілін тағайындап, кеңсесін ашу туралы олармен келісімге қол жеткізілді – бұл контентке бақылауды арттырудың маңызды қадамы", - деп атап өтті министр.
Ол республика заңнамасына сәйкес, барлық интернет-мессенджерлік платформаның Қазақстанда өкілі болуы керектігін еске салды.
"Біз сондай-ақ сәйкес заңсыз контентті тез жою және деструктивті каналдарды бұғаттау үшін Telegram-мен белсенді ынтымақтастық орнатып жатырмыз", - деді ол.
Министрдің айтуынша, ведомство цифрлық платформаларда қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді инфрақұрылым құру бойынша халықаралық серіктестермен жұмысты жалғастырады.