Темекі бермеген: Павлодарда ер адамды ұрған жасөспірімдер іздестіріліп жатыр

0
746

36 жастағы ер адамды жеті-сегіз жасөспірім қатты ұрып тастаған.


Темекі бермеген: Павлодарда ер адамды ұрған жасөспірімдер іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. 1 шілде күні шамамен сағат 23-те Лермонтов, 120 және Дерибас, 22 көшелерінің қиылысында аулада жеті-сегіз жасөспірім өз подъезінің ауласында шылым бермегені үшін ер адамды қатты ұрып тастаған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

"Подъезде камера немесе видеотіркеуіш жұмыс істеген адамдарды хабарласуды сұраймын. Олар жазасыз қалмауы тиіс. Ертең кез келген адамға осылай жасауы мүмкін", - деп жазады хаттың авторы Іnstagram әлеуметтік желісіндегі tipavlo.dar парақшасында.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде аталмыш факті тіркелгенін хабарлады.


2022 жылы 2 шілде күні сағат 00.30-да 102 операторының пультіне Лермонтов көшесі,120 мекенжайы бойынша 36 жастағы ер адамды ұрып-соғу туралы қоңырау түскен. Бұл жағдайға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.