Бала ересектердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Теміртау қаласында 2018 жылы туған бала терезеден құлап кетті, деп жазады ulysmedia.kz.
Оқыс оқиға туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Бала ересектердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды.
«Бүгін Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз 2018 жылы туған бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті», - делінген хабарламада.
Бала жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Министрлік ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және терезелерді арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықтауға шақырды.