Теміртауда Ұлттық ұланның 36 әскери қызметшісі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды

0
313

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.


Теміртауда Ұлттық ұланның 36 әскери қызметшісі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды

ERNUR.KZ. Ұлттық ұлан сарбаздарды жаппай ауруханаға түсті, деп жазады inform.kz.

«2024 жылғы 18 тамызда Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды. Оның ішінде 31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілді», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бүгінде ошақ локализацияланған, жаңа өтініштер тіркелген жоқ. Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.