​Теміртаулық еріктілер «Әженің ертегілері» онлайн жобасын жүзеге асырып жатыр

0
764

Қарттардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған тағы бір қызықты жобаны елордалық еріктілер тобы жүзеге асыруда.


​Теміртаулық еріктілер «Әженің ертегілері» онлайн жобасын жүзеге асырып жатыр

«Әженің ертегілері» ерекше аудио-подкасты аға ұрпақты волонтерлік қызметке тартуға бағытталған «Күміс волонтерлік» республикалық жобасы аясында жазылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Күміс еріктілік» жобасын «Қызылорда еріктілері» ҚБ жүзеге асыруда. Аталмыш жоба аясында аға буын өкілдерінің бастамаларын іске асыруға конкурстық негізде 15 шағын грант бөлінген.
«Шағын гранттар байқауына 67 өтінім келіп түсті. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі еріктілер қызықты әлеуметтік бастамаларды ұсынды. Байқау комиссиясы таңдаған 15 үздік жобаның бастамашылары 300 мың теңгеге ие болды.
Жоба аясында аға буынның бастамаларын іске асыруға шағын гранттарды бөлу биыл алғаш рет қарастырылғанын атап өткім келеді. Бұл егде жастағы адамдар арасында еріктілер қозғалысын дамытуға жақсы серпін берді деп ойлаймын», - дейді «Қызылорда еріктілері» ҚБ директоры Ольга Чебакова.
Мемлекеттік қаржыландырудың арқасында теміртаулық еріктілер «Әженің ертегілері» жобасын жүзеге асырып жатыр. Волонтерлер командасы қазақ және орыс тілдеріндегі ертегілерді іріктеп алып, оларды аудио форматта жазуда. Олар зағип және көру қабілеті нашар жандар келетін республикалық кітапханамен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Аудио ертегілер облыстық және аймақтық мамандандырылған кітапханаларға берілмек.
Қарттардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған тағы бір қызықты жобаны елордалық еріктілер тобы жүзеге асыруда. Мұнда волонтерлер аға буын өкілдері үшін йога және актерлік шеберлік кештерін ұйымдастырады.
Жалпы жыл басынан бері әлеуметтік жобаға 450-ге жуық күміс волонтер тартылды. «Күміс волонтерлік» жобасын іске асыру осы жылдың соңына дейін жалғасатын болады