Тендер ұтқан мердігер жолды қажетті жерден емес өз ауылынан бастаған

0
1 343

Елді мекенде бір жарым мыңнан астам халық тұрады. Дұрыс инфрақұрылым болмағандықтан, жұрттың көбісі Шалқардан көшіп кетіпті.


Тендер ұтқан мердігер жолды қажетті жерден емес өз ауылынан бастаған

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Ақмола облысы, Шалқар ауданында жол жөндеуге тендер ұтып алған мердігер жолды өз ауылынан бастап салған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Ақмола облысындағы Шалқар ауылының жұрты жол азабынан шаршадық дейді. Он жылдам астам күрделі жөндеу көрмеген асфальт қопарылып, шұрық-тесікке айналғандықтан, кейбір жүргізушілер одан қашып жол жиегімен жүруге мәжбүр. Енді мәселе шешілгендей болып, жолға бюджеттен ақша бөлінгенде, тендерді ұтып алған мердігер, асфальтті өзге ауылдан бастап төсеп жатыр екен.

"Шалқар ауылының тұрғындары күнделікті қатынайтын жолдың сыйқы осы. Ойқы-шойқы асфальттің осылай жатқанына он жылдам астам уақыт болыпты. Содан бері ауыл жұрты жолдың жырын айтып, талай жерге барған. Тіпті, мұнда келген депутаттарда мәселені шешіп беруге уәде еткен көрінеді. Дегенмен, енді жолға қыруар қаржы бөлініп, ол жұмыстар басталған кезде белгісіз себептермен ол тоқтап қалыпты.

Шалқарлықтарды аудан орталығына алып баратын жол қазір адам көргісіз күйде тұр. Көлігі барлар 22 шақырымды бір сағаттың ішінде әрең жүріп өтеді екен. "Бас ауырып, балтыры сыздағандарға" жедел жәрдем көлігі де жете алмайды дейді тұрғындар.

"Шалқардың жастарының барлығы қалаға көшіп кетті. Егер мына жол салынып, газельдер жүре бастаса, ойлаймыз ауылдың жастары келіп, ауылдан бірдеме ашып, ауылға мал ұстап, жұмыс болар еді" - дейді Шалқар ауылының тұрғыны ҚАЛЫБЕК ТОҚБАЕВ.

Тұрғындар жол азабының жоғарыға жазып та, сан мәрте айтып та көрген. Енді биыл ол нәтижесін беріп, асфальт төсеуге 1 млрд 342 миллион республикалық бюджеттен бөлініпті. Аудан әкімінің сөзінше, жобалық -сметалық құжат бойынша Шалқар ауылына жол Қорғалжын тас жолынан басталып салынуы керек болған. Алайда тендерді жеңген мердігер, асфальт төсеуді Шалқардан он шақырым қашықтықтағы Мәншүк ауылынан бастаған көрінеді. Мұндағы жиналғандардың сөзінше, ол сол елді мекеннің тумасы көрінеді.

Бір қызығы, жауапты мердігер компания Шалқар ауылының маңына асфальт төсеу үшін бірнеше шақырымға қиыршық тас төсепте қойған екен. Алайда онысы келіп-кетіп жатқан көліктермен жол жиегіне ұшып кеткен.

Бұның үстіне щебенкамен цемент арластырып қойды. Енді технология бойынша, мынаның үстіне 10 күнде асфальт салу керек. Ал бұл уже бір жарым ай болды. Бір жарым айда, щебенкасы былай ұшып кетті, цементі ауаға ұшып кетті. Енді асфальтті қалай салады? Соны түсінбей тұрмын.))

Ал жол құрлысына жауапты мердігер комапнияның өкілі барлығын технологияға сай салып жатырмыз деп ақталды.

"Мәншүк пен Шалқар ауылының арасында 9 шақырым қалып қояды. Оны жөндеу үшін қайтадан біз техниканы көшіреміз, материалды тасимыз. Сондықтан ол технология бойынша дұрыс болмайтын болды да, біз Мәншүк ауылынан бастап келетін болып шешім қабылданды. Әркім келіп сұрайды. Оларға ақырын, технология бойынша қағаздарымызды көрсетіп, жұмыс бәрі ойымызға келгенді істеп емес, техдокументация бойынша жасап жатқанымызды түсіндіріп жатырмыз" - дейді мердігер компанияның басшысы Руслан Дәулетбаев.

Жобаға сәйкес, 22 шақырымдық жолды жөндеуге бөлінген қаражат екі жылдың ішінде игерілуі керек екен. Мердігер осы уақыт ішінде асфальтті төсеп, пайдалануға беруге міндетті. Сондықтан оған жауаптылар ауыл тұрғындары жақын арада тақтайдай түзу асфальтпен жүреді деп уәде етіп отыр.