Теңге есімі қанша қазақстандыққа берілген?

0
1 136

Мен дүниеге келген жылы біздің валюта пайда болды, - дейді Ақтеңге.


Теңге есімі қанша қазақстандыққа берілген?

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар 15 қарашада Ұлттық валюта күнін атап өтіп жатыр. Бірақ кейбірі үшін "теңге" сөзі есімді де білдіреді, деп жазады Tengrinews.kz.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің сайтындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда Тенге және Теңге есімді, сәйкесінше, 81 және 11 бар. Атаудың тағы бір қызық нұсқасы бар - Актенге (99 адам) және Ақтеңге (57).

Ақтеңге Қаналиева бұл есімнің нені білдіретінін айтып берді.

"Мені атам осылай атаған. Мен дүниеге келген жылы біздің валюта пайда болды. Маған атым ұнайды. Оның мағынасы туралы ешқашан ойланған емеспін. Жарқын және мейірімді қыз болсын деп Ақ деген сөзді қосқан шығар", - деді ол.

Ақтеңгемен бір сыныпта Теңге деген қыз оқыған екен. Екеуі де Маңғыстау өңірінен шыққан.