Сейсенбі күні кешкісін онда мердігер компаниялардың біріне тиесілі кір жуатын үй жанған.
ERNUR.KZ. ҚазАқпарат - Теңіз кен орнында кір жуатын үй өртенді. Оқыс оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, видеода Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнының вахталық кенттерінің бірінде болған өрт түсірілген. Сейсенбі күні кешкісін онда мердігер компаниялардың біріне тиесілі кір жуатын үй жанған. Жалын 140 шаршы метр аумақты шарпыды.