Тізгінге ие бола алмай қалған: Ақтөбе облысында 15 жастағы оқушы апаттан қаза тапты

0
493

Оқушы "Иж Планета-5" мотоциклінің тізгініне ие бола алмай, аударылған.


Тізгінге ие бола алмай қалған: Ақтөбе облысында 15 жастағы оқушы апаттан қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Шалқар ауданында кәмелетке толмаған бала жол апатына түсіп, қаза тапты, деп жазады Тengrinews.kz.

15 жастағы оқушы "Иж Планета-5" мотоциклінің тізгініне ие бола алмай, аударылған. Оқиға 10 мамырда болған.

Өңірдегі Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім Базой аулынан үш шақырым қашықта шлемсіз, жүргізуші куәлігінсіз келе жатқан және мотоциклде тіркеу нөмірі болмаған.

"Зардап шеккен 9-сынып оқушысы медициналық стационарға жатқызылған, бірақ алған жарақаттарынан қаза болды", - деді ведомство өкілдері.