Бұл құжат сонау 2008 жылы әзірленіп, тек 2022 жылы ғана тараптар соңғы нұсқасын келісіп, жоғары деңгейде қол қойған.
ERNUR.KZ. 14 қазанда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның аясында мемлекет басшылары келісімге қол қойды. Оған сәйкес, ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне беруге келісті, деп жазады zakon.kz.
Ведомствода атап өткендей, бұл құжат сонау 2008 жылы әзірленіп, тек 2022 жылы ғана тараптар соңғы нұсқасын келісіп, жоғары деңгейде қол қойған.
Сондай-ақ, келісімнің жұмыс істеуі құқық бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы келісілген саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал ететіні айтылды.
Келісімнің қолданылуы құқық бұзушылықтармен күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында келісілген саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ететін болады, атап айтқанда:
- сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетілетін;
- сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізілетін;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастықты жүзеге асырылатын;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылатын және пайдаланылатын;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленетін;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылатын;
- кадрлардың біліктілігі арттырылатын және т.б. жүзеге асырылатын болады.