​ТМД волонтерлер форумы Қазақстанда өтеді

0
284

Волонтерлер форумын өткізу жоспары ТМД сыртқы істер министрлері кеңейтілген құрамда талқылаған тақырыптапрдың бірі болды.


​ТМД волонтерлер форумы Қазақстанда өтеді
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. 2026 жылы ТМД волонтерлер форумы Қазақстанда өтеді. Бұл туралы Алматыда өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінде белгілі болды, деп жазады inform.kz.

Волонтерлер форумын өткізу жоспары ТМД сыртқы істер министрлері кеңейтілген құрамда талқылаған тақырыптапрдың бірі болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова 2024 жылдың күзінде волонтерлер форумын ТМД өткізу идеясын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынғанын атап өтті.
— Бұл форумды бірінші болып Қазақстан өткізуі тиіс. Өйткені елімізде бұған дейін де бірнеше ірі волонтерлік іс-шара ұйымдастырлған болатын, - деп түсіндірді Айзада Құрманова.
Келесі форумдарды басымдық тәртібімен басқа ТМД елдерінде өткізу ұсынылды.
Сыртқы істер министрлері 2026 жылы ТМД волонтерлер форумын Қазақстанда өткізу туралы ұсынысын мақұлдады.
Бұған дейін Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп жатқаны туралы жазған едік.
Айта кетейік, күзде ТМД елдері СІМ кеңесінің келесі отырысы Душанбеде өтеді.