Тойға полиция формасымен кіріп келген асаба кешірім сұрады

0
939

Асаба полиция формасын той көңілін көтеру үшін кигенін айтты.


Тойға полиция формасымен кіріп келген асаба кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Тойға полиция формасымен кіріп келген асаба мен той иесі кешірім сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

Асаба, шоумен Заңғар Әбілжанов өзінің Instagram-дағы парақшасында кешірім сұраған видеосын жариялады.


"Құрметті қазақ елі, мен кешегі тойдың иесі карантин уақытында заңсыз той жасағаным үшін барша қазақстандықтан кешірім сұраймын. Біз өз айыпұлымызды алдық және оны төлеуге дайыбыз", - деді той иесі видеода.


Ал Асаба полиция формасын той көңілін көтеру үшін кигенін айтты.


"Мен өз тарапымнан сол тойда полицей киімін киіп, ол кісілердің жеке қызметіне, жеке бастарын мазақ қылу мақсатында болған жоқ, тек той көңілін көтеру үшін және пранк барысында болған дүние. Барша полицейлерден, қазақ елінен кешірім сұраймын. Карантин кезінде той жасамауларыңызды өтінемін", - деді асаба.




Еске салайық, әлеуметтік желілерде тараған кадрларға қарағанда, адам толы киіз үйге полицей формасындағы ер адам кіріп, жүргізушіден микрофонын сұрап алады.


"Қайырлы кеш, құрметті қонақтар. Мен де қазақпын, бірақ бұл заң бұзушылық. Елде не болып жатқанын білесіздер. Ұйымдастырушылар қайда? Келіңіздерші, қанша адам отыратынын көріңіз. Бір үстелде 12 адам бар, бәрі бір-біріне жақын отыр, мұнда 20 адам. Неге көңілсіз отырсыздар? Неге қол шапалақтамаймыз?" - деді полиция формасындағы ер адам.


Әрі қарай, ер адам полицей емес, шоумен және жүргізуші екені белгілі болады.