Тоқаев атом энергиясын пайдалану мәселесі жөнінде заңға қол қойды

0
2 670

Кейбір заңнамалық актілерге атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.


Тоқаев атом энергиясын пайдалану мәселесі жөнінде заңға қол қойды

Тоқаев атом энергиясын пайдалану мәселесі жөнінде заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев заңның мақсаты халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтқан болатын. Заңнамаға түзетулер радиациялық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығын қорғау саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіру міндеттерін шешуге бағытталған.