Тоқаев ЕАЭО елдеріне бірлесіп микрочип шығаруды ұсынды

0
462

Үшінші жыл қатарынан цифрлық өнім мен электронды қызметтерге үлкен сұраныс барына куә болып отырмыз, деді Тоқаев.


Тоқаев ЕАЭО елдеріне бірлесіп микрочип шығаруды ұсынды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне бірлесіп машина жасау саласы үшін микрочип шығаруды ұсынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне бірнеше ұсыныс айтты. Соның бірі – ЕАЭО елдерінде машина жасау саласына арналған микрочиптер шығару.

"Біз үшінші жыл қатарынан цифрлық өнім мен электронды қызметтерге үлкен сұраныс барына куә болып келеміз. Бұл ретте экслюзивті, инновациялық технологиялық шешімдерге ғана емес, қарапайым цифрлық шығыс материалдарына да күрес болып жатыр. Бүгінде әлемдік нарықта компьютерлік элементтер мен микрочиптердің жетіспеуінен машина жасауда жүйелі кідірістер байқалып отыр. Бұл біздің елдердің машина жасау саласына да әсер етеді. Осыған байланысты біздің үкіметтерге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен, машина жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік элементтер шығару бойынша бірлескен кооперативті жобаларды пысықтауды ұсынамын", - деді Тоқаев ЖЭЕК отырысында.

Президент кәсіпорындардың сұранысын толығымен қанағаттандырып, болашақта экспортты жолға қоятын өндірістік база құру қажет екенін атап өтті.

Айта кетері, ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды. Шара онлайн форматта өтіп жатыр.

Оған Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрғасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭС жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысып жатыр.