Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

0
604

Президент өзге елдерде локдаун тәртібі қайта қабылданып жатқанына тоқталды.


Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын.

Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты», - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.