Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

0
519

Ол ел ертеңі қандай болатыны әрбір қазақстандыққа байланысты екенін айтып, азаматтар осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, Қазақстанның мемлекеттігін нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жұртын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттіліктің қайта жаңғыруының символы екенін айтты.
"Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді. Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз", - дед Тоқаев.