Тоқаев: Кейбір аналар заңсыз ереуілге шығып, айғай шығарады

0
402

Мемлекет басшысының сөзінше, аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек.


Тоқаев: Кейбір аналар заңсыз ереуілге шығып, айғай шығарады

ERNUR.KZ. Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Президент көпбалалы аналардың заңсыз митингтері туралы сөз қозғады, деп жазады baq.kz.

Ана – отбасының ұйытқысы, ананың орны ерекше. Сондықтан біз қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек, - деді Президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек.
Кейбір көпбалалы аналарымыз заңсыз ереуілге шығып, айғай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзуда, - деді Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлық құқыққорғау органына заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.
Біз бейбіт митингтер туралы тиімді заң қабылдадық. Бұл - демократияны дамыту үшін аса маңызды қадам. Бейбіт жиындар мен демонстрацияларға ешкім кедергі болмауы тиіс. Ол жерде бәрі нақты жазылған, ресми рұқсат та керек емес, тек алдын ала хабар берсе болғаны, - деді ол Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында.
Осыған дейін Тоқаев қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейту қажеттігі туралы айтты.