Тоқаев қытайлық ірі ЖОО филиалының Қазақстанда ашылуына мүдделілік білдірді

0
781

Қазақстан мен Қытай басшылары бүгін Бейжіңде келіссөз жүргізді.


Тоқаев қытайлық ірі ЖОО филиалының Қазақстанда ашылуына мүдделілік білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстанда Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі екенімізді тағы да атап өткім келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен келссөз барысында осылай айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елдеріміздің білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығы артып келеді. ҚХР-да техникалық білім сапасы жоғары екенін ескере отырып, Қазақстанда Қытайдың ірі жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашуға мүдделі екенімізді тағы да атап өткім келеді», - деді Қ.Тоқаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Қытай басшылары бүгін Бейжіңде келіссөз жүргізді. ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қытайда мемлекеттік сапармен жүр.