Тоқаев пен Димаш Құдайберген Қытайдан елге бірге оралды

0
827

Сондай-ақ әртіс президент бортының ішінен түсірілген видеоны қоса жүктеген.


Тоқаев пен Димаш Құдайберген Қытайдан елге бірге оралды

ERNUR.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге ұшақ бортында түскен суретін жариялады, деп жазады Stan.kz.

“Көк аспанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік”, – деп жазды әнші парақшасында жүктелген суреттің астына.

Сондай-ақ әртіс президент бортының ішінен түсірілген видеоны қоса жүктеген. “Әуе кемесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен”, – делінген жазбада.

Бұған дейін мемлекет басшысының Тelegram-арнасы 18 мамырда Димаштың Қытайдың Сиань қаласындағы Тан әулетінің лотос саябағында Орталық Азия елдерінің көшбасшылары мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу рәсімі өткен жерде сөз сөйлегенін хабарлаған болатын.