Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Tengrinews.kz.
Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі - елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл - қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.
Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.