Мемлекет басшысы өз құттықтауын Twitter-де жариялады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі", - деп жазды Тоқаев.
"Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!", деп жазды Мемлекет басшысы.