Тоқаев портта болған қайғылы оқиғаға байланысты Иран президентіне көңіл айтты

0
149

Жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.


Тоқаев портта болған қайғылы оқиғаға байланысты Иран президентіне көңіл айтты

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт "Шахид Раджаи" теңіз портындағы трагедияға байланысты Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының "Шахид Раджаи" теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

26 сәуірде жойқын жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Алдын ала мәлімет бойынша 750 азамат зардап шекті.