Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңыздырақ екенін атап өтті.
ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикамыздың Ресей Федерациясы мен Беларусь елінің одағы құрамына ену туралы жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
Ресей мен Беларуссияның одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ. Басты басымдық - бұл ұйым шеңберіндегі интеграцияны одан әрі дамыту, - деді ол.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңыздырақ екенін атап өтті.
2025 жылға қарай ортақ энергетикалық және қаржылық нарықтар қалыптасады. Мұнда цифрлы бағыттағы өзара іс-қимыл перспективалық бағыт болып табылады, - дейді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтары үшін Ресей - "ең жақын мемлекет және болашақта да солай болып қала береді" деп атап өтті.