Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан қос киенің сақшысы, король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады.
"Бүгінде еліңіз - саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта сіздің басшылығыңызбен корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін", - деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін айтып, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.