Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында бұралқы иттердің мәселесін көтерді

0
736

Президент балаларды қауып жатқан иттерге қатысты шара қолдануды тапсырды.


Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында бұралқы иттердің мәселесін көтерді

ERNUR.KZ. Бұралқы иттердің адамдарға, әсіресе, балаларға шабуыл жасауына жол бермеу керек. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мемлекет басшысы бұл мәселеге тоқталмас бұрын «қаңғыбас иттердің тақырыбы Президент деңгейінде айтылатын мәселе емес» екенін айтты. Дегенмен халықтан осы мәселеге қатысты көптеген арыз-шағым түсіп жатқанын ескерген ол бұралқы иттердің тақырыбын биік мінберден айтуға мәжбүрмін деді.

«Маған бүкіл облыстардан қаңғыбас иттерге қатысты арыз-шағым түседі, өйткені тиісті заңды алға тартқан билік өкілдері бұл мәселемен айналыспайды. Бірақ заңды алға тарта берсек, жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін.
Әрине, үй жануарларын қорғау керек, бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға шабуыл жасауына жол бермеу керек. Оның үстіне қазір қаңғыбас иттердің адамды қауып алып жатқан жағдайлары көп тіркеліп жатыр. Бұған жол беруге болмайды. Шара қолданыңыздар», - деді Тоқаев жиын кезінде.