Төрт өңірдің әкімдері шұғыл шара қабылдауы тиіс – Цой

0
2 352

​Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ауру жұқтырғандар саны көбейді.


Төрт өңірдің әкімдері шұғыл шара қабылдауы тиіс – Цой

ERNUR.KZ. Қазақстанның төрт өңірінде індет өршіп барады. Осыған байланысты өңір әкімдері шұғыл шараларды қолға алуы тиіс. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Министрдің мәліметінше, қаңтармен салыстырғанда ақпанда аурудың таралуы 30%-ке төмендеген. Ал наурыз айында вирус жұқтыру 1,2 есе төмендегені байқалады.


"Десе де Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ауру жұқтырғандар көбейді. Осы өңір әкімдері індеттің өршу себептеріне жіті талдау жүргізіп, шұғыл шаралар қабылдауы тиіс", - деді Цой үкімет отырысында.


Ол эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан соңғы үш күн бойы "сары" аймақта тұрғанын атап өтті.

"Қызыл" аймақта үш өңір – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы орналасқан.

"Сары" аймақта – Ақмола, Атырау, Алматы және Қарағанды облыстары.

Қалғандары "жасыл" аймақта тұр.