​Төтенше жағдайлар вице-министрі Жетісу облысына барды

0
1 067


​Төтенше жағдайлар вице-министрі Жетісу облысына барды

Жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов Қорғас-1, Қорғас-2 жобасы селден қорғау құрылысының құрылыс алаңдарын, Балпық би ауылындағы өрт сөндіру депосының жаңа салынып жатқан ғимараттарын, Жетісу облысы ТЖД әкімшілік ғимаратын және гарнизонның басқа да бөлімшелерін аралады.

Сонымен қатар вице-министр Панфилов, Кербұлақ, Көксу аудандары мен Талдықорған қаласының гарнизондары құтқарушыларының күнделікті өмірімен, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Сапар соңында ТЖ вице-министрі өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін нақты тапсырмалар берді.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі