Тұман, көктайғақ және бұрқасын: синоптиктер 26-28 желтоқсанға арналған ауа-райын ұсынды

0
1 451

Кей жерлерде күшті жел және бұрқасын күтіледі.


Тұман, көктайғақ және бұрқасын: синоптиктер 26-28 желтоқсанға арналған ауа-райын ұсынды

"Қазгидромет" орталығының синоптиктері 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Республиканың шығыс облыстарына Батыс Сібірден суық атмосфералық фронттар ығысады, ал оның артынан кезекті антициклон Карск теңізі аймағынан жылжиды. Фронт бұрқасынмен қар жауу, ал антициклон суытуды тудырады.

Ал Қазақстанның батыс жартысына Қара және Жерорта теңіздерінен атмосфералық фронттармен жылы және ылғалды ауа келеді. Сондықтан мұнда ауа температурасының көтерілуі, сондай-ақ жауын-шашын, тұман, көктайғақ, кей жерлерде күшті жел және бұрқасын күтіледі", - делінген хабарламада.