Түнгі клубтағы "жарыс": Шешінген оқушы қыздың анасы жазаланды

0
5 520

Анасы қызының түнгі клубқа аттанғанын білген.


Түнгі клубтағы

ERNUR.KZ. 11 сынып оқушыс Семейдегі түнгі клубтардың бірінде іш киіміне дейін шешінген. Кәмелетке толмаған қыздың бұл қылығының арты бірден төрт әкімшілік жазаға алып келді, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желілерде Семейдің түнгі клубында түскен видео тарап кетті. Бейнежазбада жүргізушінің ең көп киімді шешкен адам бас жүлдені ұтатынын мәлімдегені айқын естіледі. Жүргізушінің бұл ұсынысына ұялмай, бірден үш адам сайысқа шығуға келісіпті. Ұят жарысқа бірі кәмелет жасына толмаған екі қыз бен бір жігіт түсіпті.

Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз-қызметі би алаңы мен желілердің жұлдызына айналған бойжеткен қалаға анасымен бірге елді аймақтан қоныс аударғанын жеткізді. Анасы қызының түнгі клубқа аттанғанын біліпті, бірақ ол жерде қандай жағдай орын алғанын тәртіп сақшыларына естіп, интернеттен куә болыпты. Қыздың бұл қылығы үшін анасы әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша - сауық орталығында қызы ересектердің қарауынсыз жүргені үшін және кәмелетке толмаған баласының ішімдік ішкені үшін жазаланған.

Сонымен қатар түнгі клубтың әкімшілігі де жауапқа тартылыпты. Оларға қарсы қызға алкогольді өнім сатқаны мен түнгі клубқа кіргізгені үшін әкімшілік жаза қолданған. Ал қыздың өзімен тәртіп сақшылары тек тәрбиелеу әңгімесін өткізген.

Бұған дейін Семейде түнгі клубта жалаңаш шешінген жастардың видеосы әлеуметтік желіде таралғаны айтылған еді.