Түркия Қазақстанның сұрауы бойынша күдіктіні ұстады

0
201

27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген.


Түркия Қазақстанның сұрауы бойынша күдіктіні ұстады

ERNUR.KZ. Түркиядан бөтеннің мүлкі аса ірі мөлшерде иемденгені үшін күдікті экстрадицияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерімен, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

"Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматыдағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.

Биыл тамызда ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілген.

"Қазіргі уақытта аталған адам Астананың тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған".