​Түрме бастығының орынбасары парамен ұсталды

0
2 300

Жамбыл облысында түрме бастығының орынбасары сотталушының жағдайын жасап бергені үшін 2 миллион теңге алған, деп xабарлайды ERNUR.KZ.


​Түрме бастығының орынбасары парамен ұсталды

Жамбыл облысында түрме бастығының орынбасары сотталушының жағдайын жасап бергені үшін 2 миллион теңге алған, деп xабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, 12 маусымда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару департаментінің ЖД 158/5 мекеме бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Диxанбаев парамен ұсталды. Ол сотталушыдан 2 миллион теңге алған.

"Ол ақша сотталушының қамауда ұстау жағдайын жеңілдету және жалпы қамқорлық көрсету үшін алынған. Диxанбаев өз кінәсін толығымен мойындады. Сол себепті қамауға алынған жоқ", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін агенттік өкілдері парамен ұсталған бірнеше шенеуніктің видеосын жариялады. Олардың ішінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы, сондай-ақ, "Кедентранссервистің" АҚ вице-президенті бар.