Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер төлемсіз демалыс ала алады

0
412

Түзетулер 2024 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.


Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер төлемсіз демалыс ала алады

ERNUR.KZ. Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, жұмыс берушілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қызметкерге төлемсіз демалыс беруге міндетті, деп жазады zakon.kz.

"Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болған кезеңде жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті", - делінген түзетуде.

Жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкердің жазбаша хабарламасы негізінде оның ұзақтығы көрсетіле отырып және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі ұсыныла отырып беріледі.

Сондай-ақ, кодекске Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымына қатысты толықтыру енгізілді.

Атап айтқанда, ұжымдық шартқа үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесін күтуді жүзеге асыратын қызметкерлерге кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.

Түзетулер 2024 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.