Тұтынушылар құқығын қорғайтын Омбудсмен институты енгізіледі

0
684

Ведомство дерегінше, тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу туралы заң жобасы әзірленген.


Тұтынушылар құқығын қорғайтын Омбудсмен институты енгізіледі

ERNUR.KZ. Тұтынушылардың құқығын қорғайтын Омбудсмен институтын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомство дерегінше, тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу туралы заң жобасы әзірленген. Ол тұтынушылар, ғылыми қызметкерлер мен сарапшылардың ашық талқылауынан соң қабылданады.

Жаңа заңға сәйкес, Омбудсмен институты салалық мемлекеттік органдар әзірлейтін құқықтық актілерді дайындау процесіне міндетті түрде қатысуға құқылы болады. Сондай-ақ, келісімшарттарда тұтынушылардың құқығын шектейтін жағдайларға жол бермеу үшін ескерту жасауға құзырлы. Институт электрондық сауда саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу үшін сауда нысандарымен бірлесе жұмыс атқарады.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада тұтынушылар құқығын қорғауға байланысты түсетін шағым 30,4 есеге көбейгенін хабарлап едік.