ҰБТ балымен колледжге грантқа түсуге болады

0
192

Министр Нұрбек колледждер мен ЖОО-лардың оқу бағдарламасын сәйкестендіру керек дейді


ҰБТ балымен колледжге грантқа түсуге болады

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек мектептен кейін ЖОО грантқа түсе алмаған түлектердің колледжде білімін жалғастыра алатынын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жоғары балмен ЖОО-на грантқа ілінбеген жағдайда, сол балмен барып колледжге грантқа түсуге мүмкіндік болады. Жоғары білімге ұмтылмай, мықты кәсіптік білім алуыңызға болады. Колледждан кейінгі ЖОО-ның бағдарлы бағдарламаларын бір-бірімен сәйкестендіру керек. Мысалы, мен ЖОО-на түспей жатсам, барып колледжде оқи беремін. Сол алған біліміммен жұмыс істеймін, ал біліктілігімді арттырғым келсе, қысқартылған мерзімде бакалавриатты оқып аламын. Колледж деңгейіндегі және ЖОО деңгейіндегі бағдарламалар бір-бірімен сәйкес болу керек», - деді министр.