УЕФА Қазақстан футболын дамытуға көмек көрсететін болды

0
147

​ҚФФ президенті Швейцарияның Ньон қаласына барып, УЕФА басшысымен кездескен.


УЕФА Қазақстан футболын дамытуға көмек көрсететін болды

Фото: Uefa.com

ERNUR.KZ. УЕФА президенті Александер Чеферин бүгін Астанаға ұшып келеді. УЕФА басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Чефериннің сапары ресми сипатқа ие. Әрі Қазақстан футболы күніне орайластырылды.

ҚФФ президенті Марат Омаров ақпан айында Швейцарияның Ньон қаласына барып, УЕФА басшысымен кездескен.

«Кездесу қорытындысы бойынша УЕФА Қазақстан футболын дамытуға толық қолдау көрсететінін айқындады. Бұл инфрақұрылымды жақсарту, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, ішкі чемпионаттардың деңгейін көтеру, инвестиция тарту және заманауи футбол технологияларын енгізу мәселелерін қамтиды.
Марат Омаров Александер Чеферинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. УЕФА басшысы бұл ұсынысты қабылдады. Астанаға сапары кезінде Александер Чеферин бірқатар спорт нысанын аралап көріп, балалармен кездеседі деп жоспарланған», - дейді Нұрсұлтан Құрман.