Үй сатумен айналысатын компанияларға қатысты заң қатаңдатылады

0
1 056

Заң жобасы 1 Кодекске және 6 Заңға өзгерістер енгізуді көздейді.


Үй сатумен айналысатын компанияларға қатысты заң қатаңдатылады

ERNUR.KZ. Қазіргі заңнамаға сәйкес, құрылыс компаниясы тікелей сатумен айналысып, екінші тарап – сатып алушыға үй беруі тиіс, алайда жауапкершіліктен қашқан компаниялар келісімшартқа үшінші тарап – сатылыммен айналысатын компаниялар қызметін қолдануды әдетке айналдырған, деп жазады inbusiness.kz.

Сондықтан мәжілісте Астана мен басқа да республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша Заң жобасында сатумен айналысатын компанияларға да заң талаптары қолдану қарастырылып жатыр.

"Қазір көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат алмастан бұрын үлескерлердің ақшасын тарту үшін құрылыс компаниялары жарнаманы жүзеге асыруға тосқауыл болмағанын пайдаланып, құрылыс нысандарын жарнамалаумен айналысады.
Осы мәселені шешу үшін Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысту туралы заң шеңберінде құрылыс салушыларға тиісті рұқсат алынғаннан кейін ғана көпқабатты тұрғын үй құрылысын жарнамалауға мүмкіндік беру ұсынылады", – Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу шеңберінде осы талаптарды бұзғаны үшін айыппұлды ұлғайту көзделіп отыр.

Бұдан басқа қолданыстағы заңнамаға бір тарап – тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталғаннан кейін осы пәтерді екінші тарапқа беруге міндетті, яғни келісімшарт бойынша екі ғана тарап қатысуы керек.

"Алайда іс жүзінде құрылыс салушылар нысанның құрылысын бір компаниямен жүзеге асырады, ал сату процесін екінші компания арқылы жүзеге асырады, нәтижесінде үшінші тарапты қосу арқылы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысту туралы заңдағы жауапкершіліктен қашады. Сол себепті осы заң жобасында мұндай оқылықты болдырмайтын норма көзделіп отыр, енді үлескерлердің ақшасын тартып, сатумен айналысатын компанияларға да заң талаптары қолданылатын болады", – деп түйіндеді вице-министр.

Бүгін мәжілісте Астана мен басқа да республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша Заң жобасы қаралып жатқанын еске саламыз.