ҰҚШҰ Қаңтар оқиғасы кезінде елдің ішкі саяси тұрақтылығын сақтап қалды – Путин

0
1 074

Путин қазақстандық газетке сұхбат беріп, Қазақстанда орыс тілін меңгеруге дейін сұраныстың артқанын мәлімдеген еді.


ҰҚШҰ Қаңтар оқиғасы кезінде елдің ішкі саяси тұрақтылығын сақтап қалды – Путин

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары қарсаңында "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың маңыздылығын атап өтті, деп жазады stan.kz.

Путин қазақстандық газетке берген сұхбатында ҰҚШҰ төңірегінде екі елдің өңірлік қауіпсіздігі талқыланатынын айтты. Путиннің айтуынша, ҰҚШҰ өз қызметін Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы кезінде көрсете алды.

“Өңірлік қауіпсіздік мәселелерін ҰҚШҰ шеңберінде талқылаймыз. Мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететінін ұйым өз тиімділігін Қазақстандағы 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалары кезінде көрсетті. ҰҚШҰ ішкі саяси тұрақтылықты сақтап қалуға елеулі үлес қосты”, – деді ол.

Айтуынша, келесі жылы ұйымға Қазақстан төрағалық етеді. Ал ТМД-ға Ресей төраға болады. Ол өңір арасындағы бейбітшілікті сақтауда ТМД-ның маңызын атап өтті.

“Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – Еуразия кеңістігінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың ажырамас элементі. Мұнда экономикалық іс-қимылды тереңдету, мәдени-гуманитарлық байланыстарды, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы байланыстарды кеңейту, еуразиялық интеграциялық процестерді ұштастыру қарастырылады”, – деді Ресей президенті.

Ал экономика жағынан еуразиялық экономикалық одақты тілге тиек етті. Айтуынша, мүше мемлекеттердің экономикасының дамуы, жаһандық ауқымда бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасалады.

“Қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайларда еуразиялық экономикалық одақ технологиялық егемендікті қамтамасыз етуге, тәуелсіз қаржы инфрақұрылымын құруға, өзара есептеулерде ұлттық валюталардың үлесін арттыруға баса назар аударады”, – деді Путин.

Еске салсақ, Путин қазақстандық газетке сұхбат беріп, Қазақстанда орыс тілін меңгеруге дейін сұраныстың артқанын мәлімдеген еді.