Үлкен Алматы көліне баратын жол үш жылға жабылады

0
1 598

Қазір жолда селден қорғайтын бөгеттердің құрылысы жүріп жатыр.


Үлкен Алматы көліне баратын жол үш жылға жабылады

ERNUR.KZ. Үлкен Алматы көліне баратын жолды үш жылға жабу жоспарланып отыр. Алматы қаласының туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабековтің айтуынша, қазір жолда селден қорғайтын бөгеттердің құрылысы жүріп жатыр. Ол шамамен үш жылға созылады, деп жазады tengritravel.kz.

"Үлкен Алматы көліне баратын жол мәселесі туралы айтар болсақ. Бүгінде онда селден қорғайтын бөгеттің құрылысы жүріп жатыр. Ол шамамен үш жылға созылады. Сондықтан жолды ашу мәселесі кейінге қалдырылып, (жолды ашу - еск.), селден қорғайтын бөгеттер аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады. Қазір оның айналасында жүруге тыйым салу мәселесі тұр. Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер бұл жолмен жүру қауіпті дейді", - деді Алматы туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков Қазақстан туристік қауымдастығы ұйымдастырған вебинарда.

Сондай-ақ Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова Аюсай шатқалындағы танымал орталыққа осы жолмен бару мәселесі туындағанын атап өтті.

"Қазір Төтенше жағдайлар министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, балама жол ұсынуды сұраймыз. Онда туристік орындар бар екенін және ішкі туризмді дамыту қажетін түсіндіріп жатырмыз. Бірақ мәселеге байланысты тек келіссөз жүріп жатыр", - деп жауап берді Алматы туризм басқармасының өкілі.

Еске салайық, 2020 жылғы наурызда Үлкен Алматы көліне баратын жолда шұңқырлар пайда болды. Содан соң жол көліктің барлық түрі үшін жабылған. Қашан ашылатыны да белгісіз болатын. Қазір туристер бұл жерге тек жаяу бара алады.