Монеталар дизайны 1993 жылы шыққан банкоттар арасындағы байланысты бейнелейді.
ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі "TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL" атты коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Монеталар дизайны 1993 жылы шыққан банкоттар арасындағы байланысты бейнелейді, деп жазады Stan.kz.
Ұлттық банк мәліметінше, Коллекциялық монеталарда тарихи тұлғалар бейнеленген. Олардың қатарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та бар.
"Композицияда портреттер қатары бейнеленген және ел тарихындағы мерейтойды білдіреді", - делінген хабарламада.
Күмістен жасалған монеталар алтын жалату технологиясымен жасалған. Интерференционалды нұрлы жабын барлық монеталарда қолданылған. Сонымен қатар бейнелері де бірдей.
Монетаның беткі жағында (аверс) номиналы, Ұлттық банк логотипі мен металла атауы, сынамасы және массасы жазылған.
Артқы бетінде (реверс) Мемлекеттік ту, Қазақстан картасы, тұлғалар портреті мен ою және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының ресми логотипі бейнеленген.
5 000 теңгелік монета 925 сынамадағы күмістен жасалған. Массасы 933 грамм, диаметрі 100 миллиметр және таралымы 300 дана.
500 теңгелік монета 925 сынамадағы күмістен дайындалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 миллиметр және таралымы 3 000 дана.
100 теңгелік монета мельхиордан жасалған және массасы 15 грамм. Диаметрі 33 миллиметр болатын монета 30 000 таралыммен жарық көрмек.