Ұлттық экономика вице-министрі Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

0
635

Мақсат Нұрдәулетұлы Мұхановтың Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылғаны айтылады.


Ұлттық экономика вице-министрі Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мақсат Нұрдәулетұлы Мұхановтың Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылғаны айтылады.

Мәди Такиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Дінмұхамед Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаментінде жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары-қаржы министрлігі Салық комитетінің басқарма бастығы. 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылы Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты болып жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2019 жылғы наурызда ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды.