Министрдің айтуынша, былтыр қор қаржысын басқару жағынан оң өзгерістер байқалды.
ERNUR.KZ. Қаржы министрі Мәди Тәкиев ұлттық қорда жиналған қаражаттың көлемі жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Министрдің айтуынша, былтыр қор қаржысын басқару жағынан оң өзгерістер байқалды.
"Ұлттық қордың активтері өткен жылмен салыстырғанда 13,4 процентке көбейіп, 65,7 млрд долларға жетті", - деді министр сенаттың бүгінгі отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде кепілдендірілген трансферт екі есеге - 4 триллион теңгеде 2,2-ге дейін азайды.
"Ал "Ұлттық қор - балаларға" жобасы бойынша биыл бір балаға аударылатын соманың көлемі 100,5 доллар құрады. Осы уақытқа дейін 695,5 млн. доллар аударылды. Соның ішінде 304 815 адам 2024 жылда 18 жасқа толды және 30,6 млн доллар көлемінде аударылған төлемдерді пайдалана алады", - деп атап көрсетті Тәкиев.
2024 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 919 131 адам болған.