Бұл туралы бүгін Щучинскте орналасқан қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығында өткен жиында айтылды.
ERNUR.KZ. Қысқы спорт түрлері бойынша келсімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан Ұлттық құрама бапкерлерінің еңбекақысы өседі, деп жазады Azattyq Ruhy.
«Бас бапкер, аға бапкерлер жалақысы 2018 жылдан бері өзгеріссіз келген. Комитет аталған жағдайды ескере отырып, биылдан бастап бапкерлермен келісімшарт мерзімін ұзартып, еңбекақыларын қайта қарастырады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жаттықтырушыларға қосымша штат бөлу, маусымға арналған спорттық киім-кешектер, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылды.