Ұлыбританияның бес компаниясы Қазақстандағы кен орындарын зерттеп жатыр

0
240

2023 жылдың наурызында Қазақстан мен Ұлыбритания сирек минералдар саласындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Арада бір жыл өткен осы серіктестіктің жол картасына қол қойылды.


Ұлыбританияның бес компаниясы Қазақстандағы кен орындарын зерттеп жатыр

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің сауда және инвестиция мәселелері жөніндегі директоры Бэт Маккендрик бес бірдей британиялық компанияның қазақ жерінде геологиялық зерттеу жүргізіп жатқанын айтты, деп жазады inform.kz.

2023 жылдың наурызында Қазақстан мен Ұлыбритания сирек минералдар саласындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Арада бір жыл өткен осы серіктестіктің жол картасына қол қойылды.

«Ол келісімнің үш негізгі бағыты бар. Біріншісі инвестициялық жобаларды бірлесіп қарауды көздейді. Бұл тұрғыда елшілік Kazakh Invest компаниясымен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр.
Екінші бағыт – Британ геологиялық қызметі Қазақстанның ұлттық геология қызметімен бірге геологиялық деректерді цифрландыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл шетелдік инвесторлардың мұндағы ресурстар туралы мәліметте онлайн форматта оңай алуына мүмкіндік береді.
Үшінші бағыт – білім беру саласныдағы әріптестік. Қазақстанның Сәтпаев атындағы және Шығыс Қазақстан техникалық университеті сияқты тау-кен өнеркәсібіне бағытталған университеттері мен Ұлыбританияның осы саладағы үздік оқу орындары пайдалы қазбалар бағытында тәжірибе алмасып, өзара академиялық байланыс орнату туралы келісімге қол қояды деп жоспарланған», - деді ол.

Елшілік өкілі осы бірлескен жұмыстардың арқасында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артады деп отыр.

«Бес британиялық тау-кен компаниясы зерттеу жүргізіп жатыр. Деректерді цифрландыру арқылы геологиялық барлау жүргізетін компаниялардың көбірек келуіне жол ашқымыз келеді. Бір кен орнын зерттеп, барлап, жұмысқа қосқанға дейін 15-20 жыл уақыт кетуі мүмкін.
Бізде вольфрам, уран, паладий сияқты аса маңызды саналатын пайдалы қазбалардың тізімі бар. Оған қоса бүкіл әлем Қазақстандағы мыс пен никельдің, кобальттің қоры туралы біледі», - дейді Бэт Маккендрик.