"Ұлыңыз бірдеңе бүлдірді, барып біліңіз": Көріпкел Бишімбаевтың анасына телефон соққан

0
388

Көріпкел Бишімбаевқа мемлекеттік жедел жәрдем шақыруды немесе жеке клиникаларға баруды ұсынғанын айтты.


ERNUR.KZ. Астанада әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін сот отырысында Бишімбаев сенген көріпкелден жауап алынып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Бишімбаевпен соңғы рет 19:30-да сөйлескеннен кейін оның анасы Альмираға телефон соқтым. Мен оған: "Балаңыз бірдеңе бүлдірді. Олар қатты ұрысып қалған сияқты, барып біліңіз, дедім. Анасы қатты жылай бастады, мен трубканы қойдым", - дейді көріпкел.

"Бишімбаевпен бетпе-бет кездескенсіз бе" деген сұраққа куәгер "біз кейде Шымкентте кездесіп тұратынбыз" деп жауап берді