Ал ең жайлы орын қауіпсіздікті тексеру орны болып шықты.
HappyOrNot компаниясы туристер үшін қиындықсыз өтетін апта күні мен ұшу уақытын атады. Компания бүкіл әлем бойынша әуежайларда смайликтері бар кері байланыс терминалдарын орнатқан. Зерттеу осы терминалдардан жиналған мәліметтер негізінде жасалды. Зерттеу барысында әлемнің 30 еліндегі әуежайлардан жеті миллионға жуық терминалдан мәлімет алынды, - деп жазады Tengritravel.kz.
Ақыры зерттеу қорытындысы ұшуға ең қолайлы күн - сәрсенбі екенін көрсетті, ал ең жаман күн - жексенбі екен. "Сәрсенбіге адамдардың 83 пайзы оңды күн деп дауыс берген, ал жексенбі тек 79,9 пайыз дауыс жинады", - дейді зерттеушілер.
Ал енді ұшу уақыты тіптен қызық нәтижелер көрсетті. Бір қызығы ең қолайлы уақыт таңғы 4 болып шықты, оған 85,2 пайыз дауыс беріпті. Ал кешкі 22:00 және 23:00-дегі рейстер уақыты ең қолайсыз болып шықты - 76,4 пайыз ғана дауыс берген.
Сонымен қоса, зертету туриске әуежайдың нақты қай аумағы жайлы екенін көрсетті. Ол үшін терминалдар бес түрлі орынға қойылыпты: қауіпсіздік қызметі, келу аумағы, тіркеу, әжетхана және жүк алу аумағы. Осылайша, жолаушылар жүк алу кезінде қатты мазасызданады екен, осы аумақта ең көп негтив дауыс беру болды. Ал ең жайлы орын қауіпсіздікті тексеру орны болып шықты.