Министрдің мәліметінше, "SCAT" авиакомпаниясы 9 ұшақ, "Fly Arystan" – 3 және "Air Аstаnа" 2 ұшақпен толықтырылады.
ERNUR.KZ. "Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев әлеуметтік желідег парақшасында ұшақтардың кешігуіне байланысты арыз-шағымның көбейгенін атап өтті, деп жазады sputnik.kz.
"Соңғы кездері ел ішіндегі, сондай-ақ халықаралық бағыттар бойынша ұшатын рейстерге қатысты хат-хабарламалар көптеп түсіп жатыр. Шынымен, бүгінгі таңда әуе көлігіндегі жолаушылар ағынының күрт өсуі байқалады. Бұл өз кезегінде рейстердің кешігуіне әкеп соғып, отандастарымыздың наразылығын тудырып отыр. Орын алған бұл мәселені жедел шешу мақсатында қазақстандық әуе тасымалдаушыларға жаңа ұшақтар сатып алуды тапсырдым. Осылайша, жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орынды құрайтын 14 жаңа әуе кемесі пайдалануға берілетін болады", - деп жазды министр.
Министрдің мәліметінше, "SCAT" авиакомпаниясы 9 ұшақ, "Fly Arystan" – 3 және "Air Аstаnа" 2 ұшақпен толықтырылады. Бұл шаралар тасымалдау сыйымдылығын едәуір арттыра түспек.