Вакцина салдырғандарға арналған мобильді крематорий туралы жалған ақпарат тарады

0
440

Инсинизатор алғаш рет 2011 жылы "Үлкен қала экологиясы-2011" Халықаралық экологиялық форумы аясында Ленэкспо көрмесінде ұсынылған.


Вакцина салдырғандарға арналған мобильді крематорий туралы жалған ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Желіде табылған "мобильді крематорий" деген жазуы бар жүк көлігінің фотосуретін таратып жатыр. Кейбіреулер мұндай қондырғы COVID-19-ға қарсы вакциналау нәтижесінде қайтыс болған адамдар үшін дайындалған деп пайымдайды. Суреттің астында "Вакцинациядан кейін бәрі дайын" деп жазылған. Бұл жалған, деп жазады StopFake.kz.

Шын мәнінде, фотосуретте "Турмалин" компаниясы шығарған ИН-50.1К инсенизаторы көрсетілген. Ол қауіптілік класы I-V жататын биологиялық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған.



Инсинизатор алғаш рет 2011 жылы "Үлкен қала экологиясы-2011" Халықаралық экологиялық форумы аясында Ленэкспо көрмесінде ұсынылған. Инсинезатордың толық циклы көрсетілген видеоны өндірушінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.




Ол пандемияға дейін 8 жыл бұрын жасалған және оған еш қатысы жоқ. Өндіруші "мобильді крематорийдің салттық мақсаттарда пайдалануға және жүкті жоюға арналмағанын" атап өтті.

Сарапшылардың айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдар жақын арада жаппай өле бастайды деген теория негізсіз. Олар бұған дейін мұндай болжамдардың неге шындыққа жанаспайтыны туралы егжей-тегжейлі жазған болатын.