Қазақстанның ұлттық рәмізін наразылық акциясына алып келген азамат - қазақстандық Ғани Стамбек есімді жігіт екендігі айтылуда.
ERNUR.KZ. Вашингтонда Дональд Трамптың жақтастары ұйымдастырған наразылық шарасында Қазақстанның туы байқалды, деп жазады nur.kz.
ZTB Qazaqstan атты Telegram-каналы наразылық білдірушілердің бірі Қазақстанның туын көтеріп тұрған суретті жариялады.
Қазақстанның ұлттық рәмізін наразылық акциясына алып келген азамат - қазақстандық Ғани Стамбек есімді жігіт екендігі айтылуда.
Ол Дональд Трамптың саясатын қолдайтынын және оны АҚШ президенті ретінде көргісі келетінін алға тартыпты.
Стамбектің пікірінше, "Трамп Қытайдың Шығыс Қазақстанға қол сұғуына мүмкіндік бермеуде". Ер адам Нью-Йорктен Вашингтонға Трампты қолдау үшін арнайы келген екен.
Трамптың өзі болса, Капитолийдегі зорлық-зомбылықты айыптап, билікті заңды түрде Байденге өткізуді уәде етті.
Еске салсақ, 7 қазанда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге, одан кейін Вашингтондағы сенат залына баса көктеп кіріп, Капитолийді басып алған еді.