2020 жылдың сәуірінде Forus Data медициналық кескіндерді өңдеуге арналған PACS серверін жасаған және ол Алматы қаласының Дата орталығында орналасқан.
Оның айтуынша, 2020 жылдың сәуірінде Forus Data медициналық кескіндерді өңдеуге арналған PACS серверін жасаған және ол Алматы қаласының Дата орталығында орналасқан.
PACS жүйесі компьютерлік желілерді, серверлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және сандық радиологиялық кескіндерді сақтауға, мұрағаттауға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллекті қолдану арқылы өкпе ауруын диагностикалау үшін PACS серверіне қосу жұмысы Алматыдағы бірқатар ауруханаларда жүзеге асырылды. Атап айтар болсақ И. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Алматы қаласы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, Алматы қаласы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы. PACS және қызметтерді қосу жұмысы БСМП Алматы қаласы, Алматы қалалық онкология орталығы және № 12 қалалық клиникалық ауруханада жүргізілуде,-дейді Рената Ахмад.
PACS - қосылған барлық ауруханаға сандық медициналық кескіндерге қол жеткізу мүмкіндігін береді. Науқасты бір медициналық ұйымнан екіншісіне жіберген кезде плёнка немесе қағаз кескіндерін қолданудың қажеті жоқ. Сонымен қатар ауру динамикасын бақылау мүмкіндігін береді.
Дәрігерлер жасанды интеллекті қосымша көмек ретінде қолданады. Бұл олардың жұмысын жеңілдетуге, аурудың нақты диагостикасын жасауға мүмкіндік береді,-дейді ол.
Осы жылдың маусым айында Алматы қаласы жұқпалы аурулар ауруханасымен және И. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- мен бірге "Алғашқы симптомның болжамдарын диагностикалау және жасанды интеллекті ақпараттық технологияға енгізу негізіндегі COVID-19-дың ауыр өту қауіпінің предикторы" қызметін дамыту туралы келісімге қол қойылған.
Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйемен бірге пилоттық режимде ГКИБ іске қосылуда. Қан маркерлеріне арналған бұл қызмет түрі аурудың ауыр өту дәрежесін болжауға мүмкіндік береді. Сол арқылы ауруханалар терапия әдістерін, реанимацияға жатқызу қажеттілігін немесе керісінше босатуды жоспарлай алады,-дейді жоба жетекшісі.
2019 жылы маусымда «Crystal spring» компаниясы Дүниежүзілік банктің "Инклюзивті инновациялық консорциум" бағдарламасы бойынша "Машиналық оқыту жүйесі негізінде өкпе ауруларын диагностикалау бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мен қызметтерді ұсыну" жобасы грантын ұтып алды. Бұл жобаны ҚР МЦРИАП бірге дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп жобаны емхана, ауруханада және жеке медициналық мекемелерде қызметтерді қосу жобасын кеңейту жоспары жасалуда. Сондай-ақ жобаны қаржыландыру механизмін әзірлеу қажет.